Имам-ұстаздардың онлайн дәрісі жалғасуда

Имам-ұстаздардың онлайн дәрісі жалғасуда

Ел іші
Жарнама

27 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Осыдан бір ай бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қолға алған имам-ұстаздардың онлайн дәрістері жалғасуда, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Әр жұма күні сағат 13:00-де Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұма насихатын айтса, қалған күндері белгіленген уақыттарда имам-ұстаздар түрлі тақырыптар төңірегінде әсерлі әңгіме өрбітеді. Дәрістер «Хикмет» студиясының арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, жазылған бейнелер ютуб арнасындағы «Хикмет» каналына жүктеліп отыр.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «30 күнге 30 сұхбат» онлайн сұхбаттары да жалғасып жатыр. Белгілі имамдар мен ұстаздардың қатысуымен өтетін «30 күнге 30 сұхбат» онлайн жүздесуін күн сайын кешкі сағат 20:00-де ҚМДБ-ның YouTube пен Instagram-дағы ресми парақшаларынан көруге болады.

Одан бөлек аптаның әр күні сағат 17:00-де «Рамазандағы еркін әңгіме» (Еркін Шәкірұлымен), күн сайын Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен екінті намазынан 10 минут өткенде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Рамазандағы Құран хатым» атты онлайн хатым оқу шарасы жалғасуда. Онлайн шаралар «Хикмет» студиясының арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

7204

Бөлісу: