Елорда әкімі Рамазан айымен құттықтау хатын жолдады (ФОТО)

Елорда әкімі Рамазан айымен құттықтау хатын жолдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

1 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қасиетті Рамазан айына орай қаланың бас имамы Ерболат Жүсіповке құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Исі мұсылман қауымы сағына күтетін ұлық айдың Қазақстан халқына берекелі болуын тілеп, Елорда өкілдігі атқарып жатқан игі шаралардың жемісті болуына тілектестігін білдірген.

«Өскелең ұрпаққа дәріптеуге бағытталған ізгілікті істеріңіз қазақстандық қоғамның дәстүрлі құндылықтарының тірегі болатынына сенімдімін» делінген құттықтау хатта.

Шаһар басшысының құттықтау хатын Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әлмұқанов Нұрдәулет арнайы жеткізіп, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Ерболат Жүсіповпен кездесті. Құттықтау хатын арнайы табыс етіп, қасиетті Рамазан айына орай ізгі тілегін жеткізді.

hat

hat

hat

hat

Бөлісу: