11 мамырдан бастап Қазақстанда карантин ережелері қалай өзгереді? Бас санитар дәрігердің қаулысы

11 мамырдан бастап Қазақстанда карантин ережелері қалай өзгереді? Бас санитар дәрігердің қаулысы

Ел іші
Жарнама

11 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдеріне, денсаулық сақтау басқармаларының басшыларына шетелден Қазақстанға келген барлық адамды екі күнге дейін карантиндік ауруханада оқшаулануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік делегациясын қоспағанда, Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ЕАЭО мен Өзбекстан аумағынан келген адамдар да екі күнге дейін карантиндік ауруханада жатуы тиіс.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыс әкімдері төмендегі талапты қамтасыз етуі тиіс:

- ойын-сауық, спорттық және басқа қоғамдық шараларға, отбасылық, еске алу іс-шараларына тыйым салынады;

- сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көп адам жиналатын басқа да нысандардың қызметіне тыйым салынады;

- діни обьектілердің қызметіне тыйым салынады;

әскерге шақырылған азаматтар әскери бөлімдерге келгеннен кейін ПТР әдісімен COVID-19 зертханалық зерттеуінен өтуі тиіс;- қоғамдық орындар, өндірістік аумақтары, әуежайлар, тұрмыстық ойын алаңдарда санитарлық және дезинфекция жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Жеті күн ішінде COVID-19 вирусының таралу деңгейі 7 пайыздан аспаған кезде, төмендегі талап жүзеге асырылуы тиіс:

- Тұрғындардың тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беріледі. Бірақ
екі немесе одан да көп адам серуендегенде міндетті түрде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс;

- Саябақтарда, алаңдарда, жағалауда серуендеуге рұқсат беріледі. Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы тиіс. Олар арақашықтықты сақтауы керек.

- Аулаға шығуға рұқсат беріледі (Алайда онда үш адамнан немесе бір отбасының мүшесінен аспауы шарт. Олар арақашықты сақтауы керек);

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

Бөлісу: