6 жасар Жігерді жігерлендірген жүздесу (ФОТО)

6 жасар Жігерді жігерлендірген жүздесу (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

1 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына жасаған ресми сапары барысында Мұнайлы ауданындағы 6 жасар Жігер Берікбайұлымен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Зерек баламен сұхбаттасып, оны мақтау қағазымен марапаттап, сыйлығын табыстады.

«Бүгінгі заманның нағыз батыры – өзіңдей білімді балалар. Жақсы оқып, ата-анаңды қуантып, елге еңбегіңді сіңір. Қатарыңның алды бола бер. Тәрбиелі, иманды азамат болып, ата-анаңның, туған-туыстарыңның мерейін үстем ет. Алла жар болсын», - деп игі тілегін жеткізді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Мұнайлы ауданында әлемнің 200-ден астам елі мен олардың астаналарын жатқа білетін дарынды бала тұрады. 6 жасар Жігер Берікбайұлы елдердің мемлекеттік туын дөп көрсетіп, президентін, валютасы мен қысқаша тарихын мүдірмей айтады. Ол мұның бәрін карантин кезінде жаттап алыпты.

jiger1

jiger1

jiger1

Бөлісу: