«Argitos Дез» өнімдері сертификатталды

«Argitos Дез» өнімдері сертификатталды

Ел іші
Жарнама

15 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Жаңа толқынның жоғары сапалы дезинфекциялық «Argitos Дез» өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Argitos Дез – вирус пен бактерияның қарсы әсер етуші биоцидті қолданбалы өнім. Күміс пен иондалған судың иіссіз, түссіз наноқосындысы.

Қазіргі таңда «Argitos Дез» өнімдері денсаулық сақтау органдары, аэропорт, темір жол вокзалы, қоғамдық қозғалыс көліктері, білім беру орындары, сауда ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері секілді бірқатар орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, аурудың алдын алуға әсер етуші құрал ретінде қолданылуда.

«Халал Дамудың» технолог және шариғи кеңесшілерінің бірлесе жүргізген жұмыс нәтижесі бойынша «Argitos Дез» өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.

Бүгін Айбек Асқарбекұлы Діни басқарманың қара шаңырағында «Argitos Дез» басшылығына «ҚМДБ халал» сертификаты табыстап, «Халал Даму» мамандарының жұмысы сертификат берумен ғана шектелмейтіндігін, алдағы уақытта міндетті бақылау-қадағалау шаралары өткізіліп, тығыз байланыста жұмыс жасайтындығын жеткізді.

des1

Бөлісу: