«Астана» медресесінің түлектері емтихан тапсырды

«Астана» медресесінің түлектері емтихан тапсырды

Ел іші
Жарнама

26 маусым. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін елордада «Астана» медресесі түлектерінің қорытынды емтиханы өтті. Шәкірттер биылғы мемлекеттік емтиханды онлайн форматында ZOOM платформасы арқылы тапсырды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Емтиханды ҚМДБ-ның арнайы тағайындаған білікті мамандары қабылдады. Комиссия төрағасы Діни білім және кадр дайындау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев және комиссия мүшелері Астана медресесінің директоры Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы және «Садуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы  Байменов Рахматулла Оразұлы Астана медресесінің арнайы пәндері ұстазы Ибраев Темірлан  қабылдады.

Емтихан алдында комиссия төрағасы  Серікбол Аршабаев ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші түлектерге сәлемін жеткізіп, алдағы қызметтеріне  сәттілік тіледі.

Бітіруші түлектер өздеріне қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беріп, емтиханға жоғары деңгейде дайындалғандарын көрсете білді. Атап айтатын болсақ 13 түлек үздік, 9 түлек жақсы, 2 түлек қанағатанарлық бағаға тапысырып, комиссия  төрағасының және комиссия мүшелерінің алғысын алды. Емтихан медресе қабырғасында оқыған Құран, фиқһ, араб тілі пәндері және қосымша сұрақтар бойынша алынды.

astan1

astan2

Бөлісу: