Жалпыұлттық аза күнінде марқұмдар үшін арнайы дұға жасалды (ФОТО)

Жалпыұлттық аза күнінде марқұмдар үшін арнайы дұға жасалды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

13 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін, 13 шілде – Жалпыұлттық аза тұту күніне орай еліміздің барлық мешіттерінде Қасиетті Құран оқылып, хатым дұғасы жасалды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздегі республикалық, облыстық ірі-ірі мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында бүгін бір мезетте Құран хатым жасалып, індеттен көз жұмған марқұмдар рухына дұға бағышталды.

Осы орайда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Онлайн Құран хатымға» қатысып, хатым дұғасын жасады. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта Жаратушы Иемізден жәрдем сұрап, пана тілеген Бас мүфти дұғасы әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Құран аяттарынан болған сауапты жұқпалы дерттен қайтыс болған марқұмдар рухына бағыштап, артында қалған жақындарына сабыр мен шыдам, төзім тіледі. Еліміз бен жерімізге амандық беріп, халқымызды қатерлі індеттен сақтауын сұрады. Сондай-ақ, қиын кезеңде ел азаматтарын бірлікте жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

qatym1

qatym1

qatym1

qatym1

qatym1

Бөлісу: