«Fish house» кәсіпорнына халал сертификат берілді

«Fish house» кәсіпорнына халал сертификат берілді

Ел іші
Жарнама

3 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның сараптамасына сәйкес «Мясо комбинат #1» және «Fish house» сауда белгілері бойынша өнім өндіруші «Fish house» кәсіпорны  «ҚМДБ халал» сертификатына лайық деп танылды.

Алматы қаласында орналасқан «Fish house» кәсіпорны балық өнімдері мен ірі қара мал етін өндіру, өңдеу, сатумен айналысады.

Жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев кәсіпорында міндетті бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді. Тексеріс барысында кәсіпорын жұмысының халал стандарт талаптарына сай болуы басты назарға алынды, деп жариялады halaldamu.kz сайты.

Технолог мамандар мен шариғи кеңесшілер, инспектор-контролерлердің жұмыс қорытындысы бойынша «Мясо комбинат #1» және «Fish house» сауда белгілері бойынша өнім өндіруші «Fish house» кәсіпорны  «ҚМДБ халал» сертификатына лайық деп танылды.

Бөлісу: