«MAGNUM CASH&CARRY» басшысына алғыс хат табысталды

«MAGNUM CASH&CARRY» басшысына алғыс хат табысталды

Ел іші
Жарнама

10 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров «Magnum Cash&Carry» сауда желісінің басқарма төрағасы Азамат Османовпен жүздесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Кездесу барысында елімізде орын алған ахуалға байланысты мұқтаж жандардың қазіргі жағдайы талқыланып, қайырымдылық істерге атсалысу маңыздылығы сөзге тиек етілді.

Талғат Омаров Рамазан айында мұқтаж жандарға көмек көрсеткен «Магнум» сауда желісінің басшысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы атынан алғыс хат табысталды. Өз кезегінде Азамат Маратұлы алдағы уақытта да қайырымдылық істері «Зекет» қорымен бірлесе атқарылатынын атап өтті.

Бөлісу: