«Раиса ана» мешіті тұрғындар арасында викториналық ойын өткізді (ВИДЕО)

«Раиса ана» мешіті тұрғындар арасында викториналық ойын өткізді (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

22 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұйытқы болуымен кеше «1000 жылда бір туатын тұлғалар» атты елорда тұрғындары арасында викториналық ойын өткізді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елорда төріндегі «Ханшатыр» сауда орталығында өткен білім сайысының негізгі сұрақтары ұлтымыздың мақтанышы, ұлы тұлғалар Абай Құнанбайұлы мен Әл-Фараби бабамыздың өміріне арналды.

Данышпан бабаларымыздың биылғы жылға дөп келген мерейтойларына орай қоғам арасында құнды мұраларын насихаттап, ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған бұл шара аясында 30-ға жуық жан тосын сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, қаумалаған көпшілік пен ұйымдастыруышлардың көңілінен шығып, өз білімдерімен тәнті етті.

Айта кетейік, викториналық ойынға қатысушылардың барлығы ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар берілді.

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

raisa1

Бөлісу: