Елорда өкілдігі республикалық акция аясында 520 түп ағаш отырғызды (ФОТО)

Елорда өкілдігі республикалық акция аясында 520 түп ағаш отырғызды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

23 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бүгін еліміздің барлық өкілдіктері бойынша бірдей ұйымдастырылған іргелі шара болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай еліміз бойынша 30 мың түп ағаш отырғызылып, саясы сан жылдарға жалғасатын сауапты іс атқарылды.

Республикалық акция аясында Елорда өкілдігі жалпы саны 520 түп ағаш отырғызып, Бас шаһардың әсемдігі мен тазалығына айтарлықтай өз үлесін қосты. Қаладағы 12 мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағаттың белсене атсалысуымен ағаштар құлшылық ордаларының аулаларына, аурухана мен мектеп, балабақша аумақтарына отырғызылып, қала көркіне көрік қоса түсті. Сауапты шараға Нұр-Сұлтан қаласы аудандарының әкімдіктері мен «Астана Зеленстрой» ЖШС қызметкерлері де қолдау көрсетіп, ағаш отырғызу шарасынан басынан табылды.

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

agas1

Бөлісу: