Сансызбай Құрбанұлы «АТЫРАУ» телеарнасына сұхбат берді

Сансызбай Құрбанұлы «АТЫРАУ» телеарнасына сұхбат берді

Ел іші
Жарнама

17 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына бастап келген делегация құрамындағы​ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жергілікті «Атырау» телеарнасына сұхбат берді.

«Иман нұры» бағдарламасында қонақ болған Сансызбай Құрбанұлы қазақ даласына ислам дінінің келу тарихы, хандық кезеңдегі исламның дамуы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылу тарихы, жалпы, шариғи мәселелер тақырыбында насихат айтты.

«Қазақ кеше немесе бүгін мұсылман болған жоқ. Ислам дінінің қазақ даласына келу тарихы сонау сегізінші ғасырдан басталады. Кешегі Алтын Орда дәуірінде ислам діні ерекше қанат жайды. Десе де, дініміз бен діліміз үшін үлкен сынақ Кеңес Одағы кезінде келді. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сынды зиялыларымыздан айрылдық. Мешіттеріміз, қасиетті кітабымыз, талай том-том діни еңбектер өртелді. Қазіргі уақытта Аллаға шүкір, тәуелсіздігімізбен бірге, дініміз бен ділімізбен қауыштық. Бүгінде мешіттеріміздің саны 3000-ға жуықтады. Діни білікті мамандар саны артты. Ендігі міндетіміз —​ тәуелсіздігімізді тұғырлы ету, асыл дінімізді өркендету жолында еңбек ету» деп атап өтті сұхбат барысында​ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов.​

iman1

iman1

iman1

Бөлісу: