Мешіт жамағаты жаңа қызметке ауысқан имамды құрметпен шығарып салды (ФОТО)

Мешіт жамағаты жаңа қызметке ауысқан имамды құрметпен шығарып салды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмаханның жаңа қызметке ауысуына орай мешіт жамағаты бүгін арнайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарымен шығарып салды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Бауыржан Есмахан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, Алматы қаласындағы «Арафат» мешітінің бас имамы және мешіт жанындағы қайырымдылық мекемесінің директоры қызметіне ауысқан болатын.

Бүгін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келген Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов тарихи мешітте жауапты қызмет атқарып, бірқатар игі істерге себепші болған Бауыржан имамға өкілдік атынан алғысын жеткізіп, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты.

Ақ батасын арнай келген мешіттің ақсақалдар қауымы жаңа қызметке ауысқан Бауыржан имамға жамағаттың алғыс лебізін жеткізіп, атқарған жұмыстарына дән ризашылықтарын білдірді.

Сонымен бірге, жаңадан бас имамдық қызметке тағайындалған Хамзат Әділбековке де сәттілік тілеп, батасын берді.

esmahan1

esmahan1

esmahan1

esmahan1

esmahan1

esmahan1

esmahan1

Бөлісу: