Семей әкімі «HAKIM ABAI» кітапханасына сый жасады

Семей әкімі «HAKIM ABAI» кітапханасына сый жасады

Ел іші
Жарнама

14 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Діни басқарманың «Hakim Abai» кітапханасына сый жасады.

2020 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісіне арнайы келген ҚМДБ Семей аймағы өкілдігінің бас имамы Асқар Мұқанов Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Е.Сәлімовтің сәлемін жеткізіп, арнайы сыйлығын табыстады. Осылайша Хәкім Абайдың есімі берілген кітапхана данышпанның бейнесі салынған картинамен толықты.

Айта кетсек, жуырда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Хәкім Абай» атындағы кітапхананың ашылу рәсіміне қатысып: «Біз шәкірттерімізге Хәкім Абай сынды ойшылдарымыздың ғибратқа толы еңбектерін оқыту бағдарламасын ұдайы жалғастыра беруіміз керек. Болашақ имамдарымыз ғұламаларымыз бен тұлғаларымыздың рухани мұрасынан өнеге алып, оны халыққа жеткізуде белсенді болуы тиіс. Осы мақсатта Діни басқарма жанындағы кітапханаға Хәкім Абайдың есімін беру туралы шешім қабылдадық.

Бөлісу: