Бас мешіт ұжымы IV Имамдар форумында қабылданған құжаттармен танысты (ФОТО)

Бас мешіт ұжымы IV Имамдар форумында қабылданған құжаттармен танысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

14 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Осыдан бірер күн бұрын Елорда төрінде «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумы өткені баршамызға белгілі. 1000-ға жуық дін қызметкері онлайн режимде тамашалап, ел ағалары мен зиялы қауым мүшелері, қоғам қайраткерлері арнайы қатысқан алқалы жиын барысында «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары қабылданған болатын.

Халық арасында орындалатын діни рәсімдерді бірізділікке келтіріп, зияткер имамның келбетін қалыптастыруға бағытталған бұл құжаттардың қоғам берекесін арттырып, алға жетелей түсері сөзсіз. Ысырапшылдық пен мақтанқұмарлықтан тыйып, шариғат талаптарына сай ас беру, зират көтеру, зиярат жасау мәдениетін қалыптастырудағы басты қағидаларды қамтыған бұл құжаттардың дін қызметкерлеріне де тигізер көмегі көп болмақ.

Осы орайда бүгін Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің бастамасымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұжымы бойынша аталмыш құжаттармен танысу жұмыстары болып өтті. Бас мешіт қызметкерлері аталмыш құжаттармен жекелей танысып, ондағы көрсетілген қағидалар мен талаптарға қатысты ортақ ой қорытты. Бас имам Ерболат Жүсіпов аталмыш құжаттар бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жылдық жоспар аясында жаңа жобалар бекітілді.

Сондай-ақ, Бас имам аталмыш үш құжат бойынша алдағы уақытта өкілдік жиналысы аясында Елорда мешіттерінің қызметкерлерімен бірге талқылау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

bas1

bas

bas4

Бөлісу: