Студенттерге «Зияткер имам» құжаты таныстырылды

Студенттерге «Зияткер имам» құжаты таныстырылды

Ел іші
Жарнама

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде 1 курс студенттерімен кездесу өтті.

ҚМДБ Жамбыл облысы өкілдігінің Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен шарада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Зияткер имам» құжаты түсіндірілді.

Шараға қатысқан Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев имамның қазіргі келбеті, Құранға деген құрмет жайлы насихат айтса, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Қанат Жұмағұл имамның біліктілігі, қазіргі уақыттағы дін маманының қызметі жайлы сүбелі уағыз айтты.

Айта кетейік, жүздесуге карантин талаптарына сай тек 1-курс студенттері ғана қатысты. Жиын соңында барлық шәкіртке Құран Кәрім сыйға тартылды.

4cf3a128-6a0f-4c00-a0f5-cbbdea703187.jpg

39878b8e-ed09-4346-b248-e2112c72aa55.jpg

Бөлісу: