Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Ел іші
Жарнама

Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қалалық Жастар ісі және Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әл-Фараби аудандық «А.Қаттани» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында аудандық мешіттің бас имамы Ахматжан қажы Керімбек,қалалық «Жастар ісі» сектерінің жетекшісі Анарғали Пірәліұлы, қалалық "Әйел-қыздар" секторының жетекшісі Балжан Досжановалар сөз сөйлеп, ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарын айта келе, игі шараға қолдау көрсеткен азаматтарға ризалықтарын білдірді.

Қайырымдылық шара барысында қыздардың өз қолымен жасалған бұйымдар мен түрлі тәттілер тоқаштар көпшілікке ұсынылды.

Айта кетсек, қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат көпбалалы, мұқтаж отбасыларға табыс етілді.

6e5e9cb8-bdd6-4dc8-94cb-0dca9727c8d7.jpg

Бөлісу: