Павлодар: Аққулы мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» ашылды

Павлодар: Аққулы мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» ашылды

Ел іші
Жарнама

Павлодар облысы, Аққулы аудандық «Ғабдул Уақит хазірет» мешітінде «Жолаушылар бөлмесі» ашылды.

Әлбетте, бұл – исламда ертеден келе жатқан Алла ризашылығы үшін жасалатын сүннет амалдың бірі. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ-ның бастамасы бойынша күре жол бойында орналасқан мешіттерге сапардағы жамағатқа арналған бөлме ашып, жабдықтау бүгінде мұсылман қауымының көңілінен шыққан оңтайлы шара екендігі айтылып, жолаушылар да көптеп алғыс білдіруде.

«Бөлмеде алыс жолдан келе жатқан жолаушылардың тынығып алуына бар жағдай жасалған. Сапардағы адам қыстың суығы, жаздың аптабында жолай аталмыш мешіттің осы арнайы бөлмесіне кіріп бір сәт тынығып, дәрет алып, сапар намазын оқып, ыстық шәй қайнатып ішіп немесе жеңіл сусын, жеңіл ас мәзірімен тамақтанып, шаршауын басып, мүмкін аздап мызғып алып, ары қарай сапарын жалғасыра беруіне болады. Тіптен көлігі бұзылып далада қалып жатса түнеп кетуіне де болады. Облысымызда осымен екінші мешіттен жолаушылар бөлмесі ашылып отыр. Мұндай қайырлы шара жол бойындағы мешіттерде жалғасын таба бере» дейді жолаушылар бөлмесінің ашылу салтанатына қатысқан облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы.

23a22464-0d39-45a5-95cd-83205f178022.jpg

9f4f1fff-c976-40e6-964a-aa6e88db2b1e.jpg

f71b868d-8023-4fc6-b4e4-4d69b5a6eaca.jpg

Бөлісу: