Қарттар үйіне қайырымдылық

Қарттар үйіне қайырымдылық

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры «Тайқазан» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Тарханка ауылындағы қарттар үйіне қайырымдылық жасады.

Шара барысында «Зекет» өкілі аталған мекемедегі қарттардың көңілін сұрап, жағдайларымен танысып, олармен әңгімелесіп, қайырымдылық көмегін тапсырып қайтты.

Өскемен аймағы «Зекет және қайырымдылық» қоры өкілі Берік Кәдіров: «Алла қасиетті Құран аятында «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Сол себепті қарттарды сыйлау және құрметтеу, қадірлеу өскелең ұрпақтың асыл міндеті» деп ерекше атап өтіп, қартарға аман-саулық тіледі.

Қарттар үйі мекемесінің басшылығы: «Облыстық мешіт және Зекет қоры әркез мекемеге қарайласып, қол ұшын беріп тұрады. Бүгін міне, өте бір сауапты іске бастамашы болып отыр. Мешіт ұжымына осындағы қариялар да шексіз риза» деп шынайы алғысын білдірді.

4d6f4461-c09b-4cae-9eb4-defccd1638ae.jpg

Бөлісу: