Бас мүфти халықаралық конференцияға қатысты

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада Тәуелсіздік сарайында өткен «Конституция: халықтың бірлігі, тұрақтылық, өркендеу» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты, деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.

Конфереция жұмысына еліміздің мемлекеттік құрылымдарының басшылары, беделді халықаралық ұйымдардың және құқық қорғау институтттарының, шетел конституциялық бақылау орындарының өкілдері, белгілі заңгер-ғалымдар қатысты.

«30 тамыз – мемлекетіміз бен еліміздің әрбір азаматы үшін елеулі күн. Бұл – баршаға ортақ айтулы мереке – Конституция күні. Біз ата дінін ардақтаған, Ата Заңын қадірлеген халықпыз. Әр азамат үшін өз елінің заңы, мемлекетінің нышаны мен рәміздері қасиетті», – деп пікір білдірді Бас мүфти бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: