Бас мүфти белсенді жастарға дәріс өтті

Ел іші
Жарнама

Бүгін бас қаладағы «Президент телерадиокешені» ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы белсенді жастармен жүздесіп, дәріс берді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Бас мүфти дәрісіне студенттер, қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, журналистер, жас ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

«Жастардың қай заманда қоғамда өзіндік орны болған. Ата дінімізде де жастар жайлы көп айтылған. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жастардың арасында жақсылары – қарияға ұқсағандары, ал қариялардың жағымсызы – жастарға ұқсағаны», – деген. Сондықтан әрбір иманды жас таңдаған мамандығы бойынша еліміздің өркендеуіне үлкен үлес қосуы керек. Қоғамда иманды мамандар көбейсе, мемлекетіміздің мерейі үстем болады», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Шара өскелең ұрпаққа дұрыс діни ақпарат жеткізу, жат ағымның арбауына түсіп қалмауға шақыру, дін және қоғамның үйлесімділігін түсіндіру, дін және дәстүрдің сабақтастығын баяндау, дін және Отан ұғымын ашып, түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Басқосу барысында бас мүфти бірқатар сауалдарға жауап берді.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: