Қажылық миссиясының қызметтік көліктері іске қосылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Мекке қаласында жұмысына кіріскен Қазақстан Қажылық миссиясы қызмет сапасын арттыру мақсатында арнайы медициналық жедел жәрдем және қоғамдық көлікті жалға алды. Бұл көліктер 24 сағат бойы отандастарымызға қызмет етуде, деп хабарлайды Қажылық миссиясының ақпарат бөлімі.

 «Қажылардың арасында қарияларымыз, ата-әжелеріміз көп. Ол кісілердің денсаулығын күнделікті бақылап, тиісті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп отырамыз. Миссияның медициналық көмек көрсету орталығын ашып, жедел жәрдем көлігін алдық. Біздің дәрігерлеріміз кез келген уақытта шақырту түскен орынға барып, қажыларымызға медициналық көмек көрсетуде. Аллаға шүкір, қазір отандастарымыздың денсаулығы, жалпы ахуалы жақсы. Әрбір қажылық фирмасында дәрігерлер күндіз-түні жұмыс істеуде. Сонымен қатар Қажылық миссиясындағы бес білікті дәрігерлеріміз қосымша науқастарды қабылдап, қажетті ем-дом жасап келеді. Ал қоғамдық көліктің көмегімен қажылық фирмалардың қызметіне тексерулер жүргізіп, қажыларымызбен кездесулер өткізіп жатырмыз» деп мәлімдеді Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: