Ислам ғұламаларының сирек қолжазба еңбектері көрмесі ашылды

Ел іші
Жарнама

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана залында «Сирек кітаптар мен қолжазбалар» қорының Ислам ғұламаларының еңбектеріне арналған көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, аталмыш шара «Алматы – Ислам мәдениетінің астанасы 2015» жоба аясында қолға алынып отыр.

Кітап көрмесінің ашылу салтанатына белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен дінтанушылар, Алматы қаласы мешіттерінің имамдары, журналистер мен кітапханашылар қауымы қатысты.

Көрмеге қасиетті Құран Кәрімнің ХІІ- XVIII ғасырлардағы қолжазба түрлері, XVI ғасырда өмір сүрген Сүлеймен Бақырғанидың «Хикметі», Низами, Науаи, Сағди, Хафиз, Жәми, Физули сынды шығыс шайырларының діни және поэзиялық туындылары қойылған. Тарихи жәдігерлер көбіне шағатай, араб және парсы тілдерінде жазылған. 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: