V дінтанушылар форумы өтеді

Ел іші
Жарнама

Дін істері комитеті 29 қазан күні «Зайырлы мемлекет және жоғары руханилық – болашағы біртұтас ұлт платформасы» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының V Форумын өткізеді, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

Аталмыш жиында дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық-сарапшылық сүйемелдеу, діни экстремизм мен терроризмді алдын алудың жаңа инновациялық әдістерін әзірлеу, елдегі дінтанулық білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған мемлекеттік саясаттың басым мақсаттарын іске асыру бойынша алдағы жұмысты анықтау мәселелері талқыланбақ.

Форум өз жұмысын пленарлық отырыстан бастап, келесі тақырыптық бағыттар бойынша үш секциялық отырыспен жалғасады:

1 секция - «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері: проблемалары мен перспективалары»;

2 секция - «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани дәстүрлердің сабақтастығы»;

3 секция - «Білім беру ұйымдарында дінтануды оқытудың ерекшеліктері: проблемалары мен шешу жолдары».

Сонымен қатар, Форум аясында еліміздің жалпы білім беру мекемелерінде «Дінтану негіздері» факультативті курсының үздік мұғалімдерін марапаттау рәсімі өтеді.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар, теологтар, жалпы білім беру мекемелерінің «Дінтану негіздері» факультативті курсының мұғалімдері, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Форумға қатысу туралы өтінімдер мына электрондық мекен-жайлар бойынша қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.; байланыс телефондары. 8 (7172) 74-09-34, 74-09-84. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: