Бас мүфти Бахрейн делегациясын қабылдады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Құран Кәрімді қолдау» қорының президенті доктор Әділ Хасан әл-Хамад бастаған бахрейндік делегацияны қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бас мүфти кездесу барысында Қазақстан мен Бахрейн елдері арасындағы рухани байланыстар, діни татулық, мұсылман үмбетінің бірлігі туралы пікір алмасты. Сондай-ақ, қасиетті Құран Кәрімді басып шығару және тарату мәселесі де талқыланды.

«Қазақ әлімсақтан мұсылман елі. Қазақ топырағынан әлемге әйгілі мұсылман ғалымдары шыққан. Біз Ислам өркениетке өлшеусіз үлес қосқан елдің ұрпағымыз. Бүгінде еліміз егемендік алғалы Ислам діні жан-жақты дамып келеді. Дінімізді дамытуға барлық мүмкіндік жасалған» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Доктор Әділ Хасан әл-Хамад осы кезге дейін 3,5 млн қасиетті Құранды таратқанын, болашақта Құранды қазақ тілінде де шығаруға дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, «Құран Кәрімді қолдау» қоры Діни басқармаға 100 000 дана Құран табыс еткен болатын.

Бас мүфти қадірлі қонақтарға қазақы дәстүрмен Діни басқарма атынан сыйлық табыстады.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: