Сексенге һәм исламға келді

Ел іші
Жарнама

Жуырда барша елді елең еткізген уақиға болды. Өмірінің жазы кетіп, күзі қалған Маргарита әжейдің жан қалауы исламға ғана тоқталып, құбылаға жүз бұрды.

Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданының тұрғыны Маргарита Ивановна «Балықты» мешітіне келіп, тілін кәлимаға келтіріп, ислам дінін қабылдады.  

Орыс әжей бұдан былай өзін Әсел Иванқызымын деп атайтын болды. Ол осы кезеңге дейін ислам діні адамзатты тек қана ізгілікке, бауырмалдыққа, жақсылыққа үндейтіндігін ұғынғанын айтады.

Сексенге аяқ басқан әжей өз өлкесінде де сыйлы кісі. Ауданның бас имамы Есенгелді қажы қадірі асқан қарияға құрмет көрсетіп, салтымызға сай иығына қамзол жауып, орамал сыйға тартты. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: