Бас мүфти – Оңтүстік өлкеде (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына іс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Атамқұловпен кездесті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Келелі кездесуде облыстағы діни-рухани мәселелер, аймақ халқының діни сауаттылығын арттыру арқылы теріс пиғылды жат ағымдардан сақтау мәселелері талқыланды.

Айта кетсек, бүгінде оңтүстік облыста 11 діни конфессияға енетін ресми тіркелген 60 жергілікті діни бірлестіктер мен 790 филиалдар жұмыс жасауда. Оның ішінде исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты филиал – мешіттер саны 787, бұл республика бойынша тіркелген филиал-мешіттердің 30 пайызынан астамын құрайды.

Сонымен қатар, бас мүфти сапар барысында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Шымкент қаласында тарихи монументтің ашылу салтанатына қатысты.

 

«XV ғасырда Керей мен Әз-Жәнібек қазақ даласына туын тігіп, негізін қалаған Қазақ хандығына биыл 550 жыл толып отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын» ерекше атап өтті. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық, бірлік пен берекеде жатыр» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: