Солтүстік өңірде Құран жарысы өтуде (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде аймақтың аты мәшһүр дін қайраткері, қари Ғабдулбари Төлегенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған қарилардың Құран жарысы басталды. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Шоқанұлы арнайы қатысып, бас мүфтидің ыстық сәлемін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қымбатты қарилар! Бүгінгі байқауда абыроймен топ жаруларыңызға тілектеспін. Бүгінгі сыннан сүрінбей өтетіндеріңізге мен сенемін. Сіздерге Алла жар болсын!» деді Сансызбай Шоқанұлы.

Құран жарысы Құран оқу тәртібін анықтау үшін реттік саны жазылған асықпен жеребе тартумен басталды. Жеребеге сәйкес әрбір қари қапшықтан өзінің реттік санын алып, Құран оқу кезегін анықтады.

Айта кетейік, екі күнге жалғасатын жарысқа республика өңірлерінен30 қариқатысып отыр.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: