ҚҰРАН КӘРІМ ТАРАТЫЛДЫ

Ел іші
Жарнама

Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз Иесі Алла Тағаланың сөзі. 

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша мұсылмандардың діни сауатын арттырып, жан дүниесін байытар дүниелердің ел игілігіне жұмсалуына көп еңбек сіңіріп келеді. Соның бірі өздеріңіз білетіндей, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен республикамызға Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан қасиетті Құран Кәрім кітабы алынған болатын. Біздің облысымызға да 1460 данасы келіп жеткен болатын. Облысымызға іс-сапармен келген ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы аудан мен қала мешіттерінің имамдарына 1000 дана Құран Кәрімді таратты. Қалған Құран кітаптары жамағаттарға таратылатын болады.

 

 

Muftyat.kz

Бөлісу: