«Мәңгі мұғжиза» жарық көрді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің кезекті отырысында дін ғалымның жиырма бес жылғы еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті. Құранның алғашқы пара аяттарын мағыналық жағынан аударып, тәпсірлеген исламтанушы ғалым Мұхитдин Исаұлының «Мәңгі мұғжиза» (Құран шапағы) атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Төрт жүз беттік бұл еңбек ілгергі тәпсірлерден әр бір аятқа жеке-жеке тоқталып, кеңінен түсінік беруімен ерекшеленеді.

Салтанатты жиында ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз кітап авторына алғыс білдіре отырып, бас мүфтиге автор туындысын таныстырып өтті. «Құрметті, мүфти хазірет! Елімізде үлкен әрі ағарту ғылым орталығы Нұр-Мүбәрак университетінде талайғы жыл тер төккен профессор, елге сыйлы азамат, әріптесіміз әрі жолдасымыз Мұхитдин Исаұлының «Мәңгі мұғжиза (Құран шапағы) атты бірінші кітабы жарық көрді. Бұл Құран – сөзсіз, Мәңгі мұғжиза. Бұл жерде тәпсір мен тәуилдің мағыналарын және көптеген терминдерге анықтамалық беріп, сүрелердің барлығының тарихтарына тоқталған. Құранның аудармасын, тәпсірін жазып жүрген азаматтар бар. Бұл еңбек Құранның мұғжизасын басқа бір қырынан, әлі де көрінбей жатқан, халыққа жете жеткізілмеген тұстарын қамтуымен бағалы» деді Серікбай қажы Ораз.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз ретінде игі тілегі мен жылы лебізін білдірді. «Мұха, еңбегіңіздің алғашқылары болсын, Алла Тағала ғылым жолында сізге күш-қуат, сабырлық берсін, іліміңізді арттырсын. Жалпы, сіздердей ғұламалардың бірі осындай еңбек жазатын болса діни басқарма қатты қуанады» деді.

Айта кетсек, аталмыш кітап Мұхитдин Исаұлының тәпсір саласындағы алғашқы еңбегі. Кеңес ғалымдары автордың еңбегін жоғары бағалап, ақ тілектерін арнады.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: