«Үмметті ұйытатын Кеңеc керек»

Ел іші
Жарнама

Жуырда Алматы қаласында өткен Орталық Азия ғұламалар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы ғалымдар кеңесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Murtyat.kz.

«Қазақстанның бастамасымен тұңғыш рет ұйымдастырылған Орталық Азия ғұламалар форумын тұрақты түрде өткізіп, осының аясында Орталық Азия ғұламаларының Кеңесін құруды ұсынамын. Біртұтас мұсылман үмметін қалыптастыру бағытында осы Кеңестің рөлі мен ықпалын арттыруымыз керек» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Естеріңізге сала кетсек, ғұламалар форумына Тәжікстан және  Қырғызстан дінбасылары Саидмукаррам Абдулкодирзо мен Мақсатбек қажы Тоқтамушов бастаған делегация мүшелері, ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, ҚМДБ қызметкерлері, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары, теолог-ғалымдар, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері мен Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері қатысып, ортақ мүдде тақырыбында салмақты тақырыптар талқыланды. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: