Айыртауда Алла үйі ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы Қарасай батыр ауылында сәні-сәулет жарасқан жаңа мешіт ашылды. Бұл жайында  «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ашылу салтанатына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов қатысып, ақ тілектерін арнады. «Имандылық үйін өз қаржысымен салып, ел игілігіне берген азаматтарға алғысымды білдіремін. Мешіт салып, ізгі істерге атсалысу – сауапты іс. Қарасай батыр баба атындағы мешіт халықты имандылыққа ұйытып, ізгілік жолын ту етер жұртшылықтан арылмасын» деп Ержан қажы Малғажыұлы жаңа мешітке Құран кітаптарын, ҚМДБ тұғырнамасы мен діни кітаптар сыйға берді.

«Қарасай батыр» атауы берілген 90 орындық ғибадат үйінің тұрғызылуына «Колорит», «Каз Экспорт Астық»,  «Агро Ком Мәдениет» кәсіпорындары басшылары мен өзге де ізгі жүректі жандар атсалысты. Бұған қоса, мешіт қызметіне шетелдік автокөлік кілті де осы азаматтар атынан тарту етілді. 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: