Бас мүфти дін қызметін жандандыруды тапсырды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда Діни басқарма қызметкерлеріне арнайы жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Жиналыс барысында дін қызметінде басымдық берілетін бағыттардың нәтижесі мен әр бөлімнің жұмысын жандандырудың негізгі тетіктері қарастырылды. Жекелеп алғанда, Діни басқарманың 4 бағытта атқарып жатқан жұмыстарын ілгерілету, Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасау мәселелері талқыланды.

Шара соңында ҚМДБ төрағасы әр бөлімге діни бағыттағы жұмыстарды мұнан әрі жандандыру мақсатында нақты тапсырмалар берді.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: