ҚМДБ-ның Парижде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты мәлімдемесі

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Парижде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты МӘЛІМДЕМЕСІ

Париж қаласында болған террорлық оқиғаны ұйымдастырушылардың әрекетін қатаң айыптаймыз. Қаза болған адамдардың отбасына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жарақат алған жандардың жуық арада жазылып кетуін Жаратушыдан тілейміз.

Барша адамзат баласын бейбіт өмір сүруге, түрлі ұлт, дін өкілдерін бірлікке үндейтін Ислам діні жазықсыз адам қанын төгуге қарсы. Қасиетті Құранда: «Жазықсыз бір адамды өлтіру – бүкіл адамды өлтірумен тең», – деп баяндалған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін атын жамылып, озбырлық жасаушылардың, шектен шыққандардың әрекетіне әлемдік дәстүрлі дін лидерлерінің, халықаралық қауымдастықтардың күшін біріктіре отырып, тосқауыл қоюға шақырады. 

Алла Тағала елімізді, халқымызды, барша адамзат баласын бүліктен, жамандықтан сақтасын!

Бөлісу: