Ислам жауһарлары таныстырылды

Ел іші
Жарнама

Ислам өркениетінің тарихи даму көрсеткіші Алматыда ұйымдастырылған арнайы көрме арқылы бұқара назарына ұсынылды. Бұл қатарда Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ерекше жәдігерлер бар, деп хабарлайды Khabar.kz.

Айта кетер жайт, мұндағы жәдігерлердің көпшілігі алғаш рет ұсынылуда. Шамамен X ғасырдың қол шеберінің дәлме-дәл «Алла» сөзі жазылған жүзік тасы мен XII ғасырға тән алтын динар да осы қатарда.

Көрме авторларының бірі, белгілі археолог Карл Байпақов аталмыш экспозицияның негізгі идеясы Қазақстанның мәдени-тарихи мұраларында маңызды рөлге ие ислам діні екенін атап айтты. Ислам діні халыққа жай ғана біріктіруші сенім әкелген жоқ, сондай-ақ үлкен мәдениет пен білімді, технологиялық жетістіктерді қоса жеткізді.

«Ғылыми түсініктегі мұсылман мәдениеті әртүрлі елдер мен халықтардың өзіндік мәдени үндестігін көрсетеді. Біз осы көрмеде Қазақстанда алғаш пайда болған мешіттерді де таныстырамыз. Мұндай мешіттер Ақыртаста, Қайлықта және Талғар өңірлерінде бар. Бұл – өте маңызды мәлімет. Бұл ислам діні бұқара өркениетінің, қала мәдениетінің қалыптасуына, сауда-саттықтың дамуына қосқан үлесі зор екенін білдіреді» дейді дейді К. Байпақов.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: