Пайғамбарымызды ұлықтаған Мәуліт айы (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Көкшетау қаласында, облыстық «Науан Хазірет» мешітімен қалалық мешіттердің ұйымдастыруымен «АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛЫ» атты рухани Мәуліт кеші болып өтті. Кең сарайға жиылған мұсылман қауымның көптігі кештің мән-мағынасы мен дәрежесін арттыра түскендей болды.

Мәуліт кеші қасиетті Құран оқумен бастау алды. Жас шәкірт Әбдірахманның әуезді үнімен оқылған Алланың сөзі жүректерді қозғап жүре берді.

Ал, осы шараға елордадан арнайы келіп, қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Найб мүфтиі Наурызбай қажы Өтпенов пен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев сөз сөйледі.

– «Ардақты пайғамбарымыздың өнегелі өмірі мұсылман адам үшін өнеге тұтар асыл арналар саналады. Қазір бізге төнген қауіп-қатер де жетіп жығылады. Жастарымыз асыл дінінен адаспаса екен дейміз. Себебі, біз елдің өз ішіндегі бірлігі мен дінаралық татулығы жарасқанда ғана  болашағы жарқын елге айналамыз»–деді Найб мүфти.

Осы шараны жүргізген белгілі ақын Арман Бердалин өзінің сырлы сөздерімен көптің көңілінен шығыа білді. Барша мұсылман жамағатына облыс әкімі Сергей Кулагин жолдаған құттықтауды оқып берді.

Мәуліт мерекесі әртүрлі діни тәрбилік мәні бар әндермен жалғасын тапты. Алматылық әнші Сержанәлі Әлібектің орындауындағы «Жаралғаныңа қуан, қиямет» және Бауыржан Серікбайұлы шырқаған «Әке, ана» әндері аса әсерлі шықты. Ал, жерлесіміз айтыскер ақын Әлібек Серғалиевтың мерекелік арнауы  жұртты тәнті еткен болса, жергілікті дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов орындауындағы мәуліт жыры халыққа керемет әсер берді.

Кенесары ауылдық имамның тәрбиесіндегі жеті жетім баланың бірі  – Оксана Зинченконың мәнерлеп  оқыған діни өлеңі жанарларға жас іркітті. Облыстық музыкалық драма театрының актерлері сомдаған  «Алланың елшісімен танысу» монологы және Бұланды ауданынан келген өнерпаз жігіттердің «Ана қадірі» атты бейнекөрінісі жиналған қауымды  тебірентіп, толғандырғандай  әсерге бөледі.

Шара соңында ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қыдырмин Қанат Қоянбекұлы жиылған қауымды құтықтап, мәуліт мерекесі қарсаңында өткізілген іс-шаралардың бірі «Пайғамбарға сағыныш» атты шығармашылық бәйгесінің қорытындысы шығарылып, жүзден жүйрік озғандарға бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар қаламызда көп жылдар бойы елдің қызметінде болып өзінің сабырылығы және көркем мінезімен көптің көңілінен шыққан кондуктор апайларымызбен облыстық онкологиясында медбикелік қызмет атқарып келген Қалима Батанқызын және Қызылжар ауылында үш кезеңді емдеген балалар дәрігері Гүлзия Сейітмашқызына көңілі қаяу жандарға медет болып, жанына жәрдем жасағаны үшін барша мұсылман қауымы атынын  алғыс білдірілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Республикалық сурет байқауында ІІ орын алған Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушісі Маркин Владислав Владимировичке сый-сыйапаттар тарту етілді.

Мәуліт мерекесі Аслан Мұхамедияров орындаған «Дұға - тілек» әнімен кештің шымылдығын жапты.


 

Бақыт СМАҒҰЛ

Muftyat.kz

Бөлісу: