Ержан қажы Малғажыұлы: «Ортақ құндылықтарды айқындайтын құжат қабылдау керек»

Ел іші
Жарнама

Ресейдің Омбы қаласында өтіп жатқан «Ислам және дінаралық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Орта Азия елдеріндегі діни-құқықтық мектептер мәртебесі туралы ой-пікірін ортаға салды, деп жазады Muftyat.kz.

«Біз, осы орайда, дәстүрімізбен үндес діни саладағы жолымыз – ортаазиялық діни-құқықтық мектептің рөлін арттыруымыз керек» деді бас мүфти.

ҚМДБ төрағасы байырғы кезеңнен дала халқының болмысымен, табиғатымен біте қайнасып кеткен діни мектеп Орта Азия мұсылмандарын ортақ мақсатқа үндейтінін атап кетті. «Діннің түп негізіне сүйенген, қалыптасқан қағидаларды қазық қылу бірлігіміздің нығая түсуіне жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бұл ретте Қазақстан және Орталық Азия мұсылмандарының ортақ құндылықтарын айқындайтын, біртұтас үмметтің бағдаршамы болатын арнайы, тарихи құжаттың жобасын әзірлеуді ұсынамын» деді халықаралық басқосуда Ержан қажы Малғажыұлы.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: