Бас мүфти Қазақстан елшісімен кездесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясының Омбы облысына жасаған ресми сапары барысында Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің басшысы Елдар Қонаевпен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Кездесуге ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын қатысты.

Ербосын Орын кездесу кезінде қазақстандық делегация мүшелеріне қаладағы қазақтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндап берді. Оның айтуынша, бүгінде Омбыда қазақтар саны 100 мыңнан асады. 8 мешіт бар екен. 10-ға жуық қазақ ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді.

Елші Омбыдағы қазақ имамдарына қамқорлық жасап келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын жеткізді.

«Шеттегі қандастарға қамқорлық жасау – біздің міндетіміз. Қазір Омбы, Орынбор, Моңғолия, Алтайдағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында білімін жетілдіріп жатыр. Шетелдегі қазақ молдаларын қазақ тіліндегі діни оқу құралдармен, діни киімдермен қамтамасыз етіп отырмыз» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: