Омбы имамдарына діни кітаптар таратылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Омбы қаласының имамдарына діни кітаптар мен оқу-құралдарын тарту етті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Діни басқарма Обмыдағы дін қызметкерлерінің осыған дейінгі өтініші бойынша «Дін – насихат», «Жұма уағызы», т.б кітаптарын жеткізді. Уағыз айтудың тәртібі, бағыты көрсетілген, жалпы насихат тақырыптары мен мәтіні қамтылған оқу құралдарын бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы табыстады.

Омбы облысының мүфтиі Бота хазрет Бакулен Діни басқарманың бұл қамқорлығына алғысын білдіріп, ақсақалдар батасын берді.

Айта кетейік, бүгінде Ресейдің Орынбор, Омбы, Алтай аймағындағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында діни білімдерін жетілдіруде. Діни шапанмен қамтамасыз етілген қандастарымызға тұрақты оқу құралдары, діни кітаптар да жеткізіліп тұрады.



ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: