Бас мүфти Астана имамдарын марапаттады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы елорда имамдарын қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Кездесуге наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері қатысты.

Бас мүфти діни басқарманың республикалық және халықаралық деңгейдегі жұмыстары жайында әңгіме өрбітіп, имамдарды бауырмалдыққа, бірлікке шақырды.

«Ең әуелі өз араларыңызда бауырмалдықты күшейтіңіздер. Жамағат сіздерден үлгі алатын болады. Ұйымшыл болыңыздар. Сонда жұмыс нәтижелі болады. Астана имамдары өзге өңірдегі дін қызметкерлеріне үлгі болуы тиіс. Өйткені, елорда – еліміздің бас қаласы. Аллаға шүкір, біз өткен жылы жақсы жұмыс нәтижесін көрсеттік. Діни басқарманың әрбір жетістігінде сіздердің үлестеріңіз бар. Сіздерге шынайы алғысымды білдерімін» деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти кездесу соңында 2015 жылы діни қызмет барысында белсенділігімен көпішілікке үлгі болған имамдарға алғыс хат табыстады.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: