Бас мүфти «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қызылорда өңіріндегі сапары барысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті жұма күні «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Сыр жамағатына уағыз айтты.

«Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік» тақырыбында уағызын жүргізген бас мүфти көпшіліктің жүрек қылын қозғаған сырлы иманды оятып кетті. Кестелі уағызбен өріліп, қасиетті аяттармен жұма намазы өткен соң жуырда ашылған «Мүсірәлі ата» қалалық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Өз сұхбатында Ержан қажы Малғажыұлы Қызылорда өңіріндегі ислам дінінің өркен жаюы бағытындағы игілікті шараларға ризашылығын, аймақ халқының имани деңгейіне көңіл тоқтығын білдіріп, мешіттердің көптеп бой көтеруіне үн қосушы азаматтарға алғысын айтты.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: