Аттестация қорытындысы жарияланды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аттестация комиссиясы 2013-2016 жылдар аралығындағы республика бойынша барлық дін қызметкерлерін сараптаудан өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Діни басқарманың бөлім меңгерушілері, Орталық аппарат қызметкерлері мен Ғұламалар Кеңесінің мүшелерінен құралған комиссия кеше соңғы сараптау емтиханын елордалық имамдардан алды. Сынаққа Астана қаласы бойынша 50-ге жуық дін қызметкері қатысты.

Жалпы аттестациядан еліміздің 3032 дін қызметкері өтіп, өз білімдері мен біліктіліктерін байқатты. Сараптау комиссиясы мешіт имамдары мен азаншыларының, ұстаздардың білімін Құран оқу ережелері (тәжиуд), фиқһ, ақида салалары, ислам тарихы және діни ағымдардың шығу тарихы мен олардың басты ұстанымдары, пайғамбарлар мен сахабалардың өмір жолы, Исламдағы сенім мен құқық мәселелері, Конституция мен Еңбек кодексі, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң аясындағы сұрақтарға берілген жауаптарына қарай бағалады.

Аттестация комиссиясының шешіміне сәйкес, республика бойынша емтихан тапсырған 3032 дін қызметкерінің 233-і сынақтан сүрінген. Ал, 156 адам қызметтен босатылды. Бұл қатарда жасының ұлғаюына,денсаулығына  байланысты, өз өтініші бойынша қызметтен кеткен қызметкерлер де бар.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: