РАНТ мамандары сынақтан өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобына жаңа қосылған дін мамандары сынақтан өтті, деп жазады Muftyat.kz.

«Мақсатымыз – РАНТ-ның жаңа құрамына білімі мен тәжірибесі мол мамандарды тарту және насихат тобының жұмысын жандандыру. Аттестация барысында оларға қоғамдағы өткір діни сауалдар қойылды» деді ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ жетекшісі Ершат Оңғаров.

Айта кетейік, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен өткен аттестация жұмысында Ғұламалар кеңесінің мүшелері, Діни басқарманың бөлім меңгерушілері дін қызметкерлерінің білім деңгейін анықтады. Сараптама соңында 5 маманның үшеуі аттестациядан өткені белгілі болды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: