«Хан Шатырда» қайырымдылық-жәрмеңке

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ «Зекет» қорының Астана өкілдігі 6-наурыз күні «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында қайырымдылық-жәрмеңкесін өткізді. Бұл шараның басты мақсаты – қайырымдылықтан түскен қаражатпен ауыр науқасқа ұшыраған Ердос Ескендіровтың еміне қолдау көрсету.

 Қайырымдылық шарада қолдан жасалған түрлі бұйымдар, үй жағдайында жасалған тәттілер, сувинерлер, кітаптар, картиналар, ойыншықтар, қыз балаларға арналған және тағы басқа заттар жұртшылық назарына ұсынылды.

Жәрмеңкеде қойылған барлық заттардың бағалары қол жетімді. Қайырымдылық үшін өткізіліп жатқан жәрмеңкеде сауда үйіне келушілер өз таңдауларын жасап, қажетті заттарын саудалап, игі іске қолдауларын білдірді.

Мұнан өзге бұқара халық ҚМДБ «Зекет» қорының Астана өкілдігі тарапынан арнайы қойылған қайырымдылық жәшіктері арқылы да қаржылай көмек көрсете алды.

Иә, қайырымды іс қашанда көппен болатын шара. Міне, осы ниетпен өткізілген бұл шарадағы әрбір тамшыдай болған көмек Ердостың мұқтаждығына қолдау әрі дертіне шипа болуына септігін тигізе түседі деп үміт артамыз. Жаратқан Алла қайырлы істің берекесімен шипасын нәсіп еткей деп дұғада болайық.

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Бөлісу: