Ислам лигасының бас хатшысы Елбасы шақыртуын қабыл алды

Ел іші
Жарнама

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Парламент Сенатының депутаты А.Мұсаханов Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары барысында Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Абдалла әт-Түркимен кездесіп, оған алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыруды табыс етті» деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Айтулы форум  ағымдағы жылдың10-11 маусымда Астана қаласында өтеді. Сенатор Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысына ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі, үстіміздегі жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толатыны жайында айта келіп, Ислам лигасы бас хатшысына діни көшбасшылардың төрт съездің нәтижелері мен алдағы Бесінші съездің тақырыбы туралы баян етті.

Абдалла әт-Түрки Президент Н.Назарбевтың Діни көшбасшылар съезін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалап, бүгінгі таңдағы халықаралық шиеленістер етек жайған шақта Қазақстан ынтымақ пен бірліктің, төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті.

Әт-Түрки Елорда төрінде өтетін Дүниежүзілік ислам лигасы алдағы V Съезд жұмысына белсенді қатысатынын айтты.

 

ummet.kz-ақпарат

 

Бөлісу: