Бас мүфти облыс әкіміне «Алғыс хат» жолдады

Ел іші
Жарнама

Оңтүстік Қазақстан облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен былтырғы жылдан бастапоблыс телеарнасы арқылы ел назарын ұсынылған «Біз Құранды білеміз бе?»арнайыбағдарламалар желісі халықтың ықыласына бөленіп, рухани азығына айналды.

Өңір басшысының игі іске бастамашы болып, дін Исламға ден қойып, қолдау білдіргені үшін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы «Алғыс хатын» жолдады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Бас мүфти «Алғыс хатында»: «Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімде Алла Тағала барша мұсылманды жақсылықта, тақуалықта жәрдемдесуге үндеген. Мемлекет болашағы саналған жастардың бойына Құранның асыл құндылықтары мен ұлттың әдеп-ғұрпын сіңіруге сүбелі үлес қосып келе жатқан Сізге күллі Қазақстан мұсылмандары атынан айрықша алғысымды білдіремін. Исламның алтын арқауы – Құранды насихаттау жолында қолдау көрсеткеніңіз үшін шынайы ілтипатымды жолдаймын. Алла Тағала ел игілігі жолында жасап жатқан сауапты да салауатты жұмыстарыңызға береке бергей»,- деп, облыс әкіміне ізгі тілегін білдірген.

Бас мүфтидің Алғыс хатын өңір басшысына ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Ахметжан Керімбек табыстады. Бүгінде облыстық арна арқылы таратылатын «Біз Құранды білеміз бе?» бағдарламасы өңделіп, толықтырылу үстінде. Ал алдағы уақытта бағдарламаның жинақталған нұсқасы таспаларға көбейтіліп, аудан, қалаларға таратылатын болады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: