Нұрсұлтан Назарбаев: «Ең ұлы мақсат – ел бірлігі»

Ел іші
Жарнама

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Салтанат сарайында этномәдени бірлестіктер, зиялы қауым өкілдері және ауған соғысы ардагерлерімен кездесті" деп хабарлады "Қазақпарат" агенттігі.

 

Өз сөзінде Елбасы Жайық жұртына Қазақ елінің бақыты оның бірлігінде екендігін, Қазақстан барлық ұлт өкілдері үшін ортақ үйге айналғандығын атап көрсетті. Бұдан жиырма жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің жасампаздығымен әлемге танылды. "Қазақстан қазіргі таңда бүкіл дүниежүзі таныған, көптеген ірі шаралар өтетін іргелі мемлекетке айналды. Бірлігі жоқ елдерде береке жоқ, оларда даму жоқ, тіпті қан да төгіліп жатыр. Сондықтан, ел бірлігін сақтаудан асқан ұлы мақсат болмақ емес" деді президент. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: