Діни қауым Наурыз қарсаңында бас қосты

Ел іші
Жарнама

Наурыз қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ғимаратында Діни бірлестіктер өкілдерінің кезекті отырысы өтті.

Айтулы шараға Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің, Қазақстан дінтанушылар Конгресінің, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және ҚР МСМ Дін істері комитетінің басшылары мен өкілдері қатысты.

Жиналыс жұмысының аясында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың, рухани келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды, сонымен қатар Қазақстанның діни бірлестік өкілдерінің атынан Наурыз мейрамына байланысты Қазақстан халқына құттықтау хаты бекітілді.

Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Жиналыстың мүшелері мен қонақтары үшін «Әзірет Сұлтан» мешітіне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның ресми бөлігінен кейін оған қатысушыларға ыстық шәй, «Наурыз көже» дәстүрлі тағамы, шығыс тамақтары ұсынылды.

Сондай-ақ түрлі конфессия өкілдері «Асық ату», «Арқан тарту» ұлттық ойындарына белсене қатысты. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: