«Тұрақтылығымыздың нығая түсуі үшін дауыс бердік» (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

Ел дамуында маңызды күн саналатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат сайлауында алғашқылардың бірі болып ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өз таңдауын жасады.

№5 мектеп-гимназиясында орналасқан 18-ші сайлау учаскесінде дауыс берген наиб мүфти бұл науқанға ең алдымен еліміздің тұрақтылығы нығая түсуі үшін қатысып отырғанын атап айтты.

«Партиялардың сайлауалды бағдарламада көрсетілген ұсыныстарының сәтті жүзеге асырылуынан зор үміт күтеміз. Осы күнге дейінгі үгіт-насихатты БАҚ-тан тыңдап келдік. Көптеген жақсы ұсыныстар айтылды. Ұсыныстардың дені бейбітшілік үшін ойластырылған. Олар жүзеге асса, көптеген жақсылық алып келеді» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еліміздің қарқынды дамуы мен жарқын болашақ үшін дауыс берген наиб мүфти еліміздің амандығын тілеп дұға жасады.

 

{youtube}nJg9DoQZuwI{/youtube}  

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: