Бас мүфти көгалдандыру шарасына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік өңіріне жасаған сапары барысында облыс орталығындағы мешітті абаттандыру шарасына қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Бас мүфтимен бірге облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы мешіт ауласына ағаш көшетін отырғызып, игі іске бастамашы болды. «Бүгінгі таңда Діни басқарма барлық мешіттерді көгалдандыру шарасын қолға алды. Бұған дейін республикалық деңгейде «Көрікті мешіт» деген атаумен мешіттер арасында байқау өткіздік. Мақсатымыз – мешіттеріміздің ауласын көгалдандырып, салауатты өмір салтын наихаттау» деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: